- Барлық ақпарат
Шэньчжэнь-Чжухай арасында электрлік тік ұшақ көлігінің алғашқы демонстрациялық ұшуы сәтті өтті
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 28 ақпан
28 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 27 ақпанда бес орынды eVTOL (электрлік тік ұшақ) «Шэньшилун» ұшағы Шэньчжэнь Шэкоу круиздік кемесі портынан ұшып, шамамен 20 минуттан кейін Чжухайдағы Цзючжоу порт терминалына қонды. Осылайша, Шэньчжэнь-Чжухай теңіз және қала арқылы ұшатын eVTOL әуе көлігінің алғашқы демонстрациялық рейсі аяқталды.
Бұл жолы ұшқан «Шэньшилун» ұшағын Fengfei Aviation Technology компаниясы дербес әзірлеген. Ұшақ таза электр қуатына сүйеніп, 5 адамға дейін тасымалдай алады. Жылдамдығы сағатына 200 шақырымды құраса, максималды қашықтығы 250 шақырымға жетеді.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online