«Такламакан №1 ғылыми барлау ұңғымасы» бұрғылау тереңдігі бойынша 10 000 метрден асып, Азия рекордын жаңартты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 5 наурыз
«Такламакан №1 ғылыми барлау ұңғымасы» бұрғылау тереңдігі бойынша 10 000 метрден асып, Азия рекордын жаңартты

5 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 4 наурызда Қытайдың жобалық тереңдігі 10 000 метрден асатын алғашқы ғылыми барлау ұңғымасы – «Такламакан №1 ғылыми барлау ұңғымасы» бұрғылау тереңдігі бойынша 10 000 метрден асып, тік тереңдігі 10 000 метрден асатын әлемдегі екінші, Азиядағы бірінші ұңғымаға айналды. Бұл Қытайдың 10 000 метрлік ультра терең ұңғымаларды бұрғылау технологиясының кедергіні өз күшімен еңсергенін және оның терең жер астындағы мұнай мен газды бұрғылау мүмкіндіктері мен қосалқы технологиялары халықаралық озық деңгейге жеткенін көрсетеді.

Хабарламаларға сәйкес, «Такламакан №1 ғылыми барлау ұңғымасы» Такламакан шөлінің ішкі бөлігінде орналасқан, ғылыми барлау және мұнай мен газды ашудың екі үлкен миссиясын орындайды. Ұңғыма тереңдігі 11 100 метрге жобаланып, 2023 жылдың 30 мамырында бұрғылауды бастаған.

Қазіргі уақытта Қытайдың құрлықтағы терең және ультра терең мұнай-газ ресурстары елдің жалпы мұнай-газ ресурстарының 34%-ын құрайды, сондай-ақ терең және ультра терең аудандардағы жаңа мұнай-газ қорларының үлесі жылдан жылға артып келеді. «Такламакан №1 ғылыми барлау ұңғымасы» орналасқан Тарим ойпаты - әлемдегі ультра терең ресурстары басым болатын жалғыз мұнай-газ бассейні, сонымен қатар ол - Қытайдағы ең ірі терең мұнай-газ қоры аймағы.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото