Бейжің: «Жүргізушісіз шағын автобустың» пилоттық аумағы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 6 наурыз
Бейжің: «Жүргізушісіз шағын автобустың» пилоттық аумағы ашылды

6 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2024 жылдың 4 наурызында жүргізушісіз шағын автобус Бейжіңның Хаоцзяфу метро станциясы мен қалалық кітапхана станциясы арасында жолаушыларды тасымалдады. 3 наурызда Бейжің Қалалық Көлік Комитеті автобустардың тасымалдау әлеуетінің қолданыстағы кепілдігіне сүйене отырып, Бейжіңнің «3.0 жоғары деңгейлі автономды жүргізу демонстрациялық аймағын» кеңейту мүмкіндігін пайдаланды. Яғни үш ірі мәдени ғимараттың айналасында автономды көлік қызметтерін пилоттық түрде ашты. Жолаушылар жүргізушісіз шағын автобустарға отырып, қалалық орман саябағы, Хаоцзяфу Метро станциясы және үш ірі мәдени ғимаратқа дейін қос бағытта тегін қатынай алады.

Жүргізушісіз шағын автобуста руль дөңгелегі, үдеткіш және тежегіш педальдары жоқ. Мұнда толығымен автономды жүргізу дизайны орныққан. Бір ретте 9 адамды тасымалдай алады. Қазіргі уақытта екі айналмалы тәжірибе маршруттары орналастырылған, біреуі - қалалық орман саябағының P12 автотұрағы мен қалалық кітапхана арасына қос бағытта; екіншісі - Хаоцзяфу метро станциясы және қалалық кітапханаға дейін қос бағытта қатынайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото