Екі сессиядағы зағиып өкіл

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 9 наурыз
Екі сессиядағы зағиып өкіл

9 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- «Мен нашар көретіндердің дауыстарын екі сессияға жеткізуім керек», - деді Ван Юнчэн.

8 наурыз күні зағиып жан Ван Юнчэн екі сессияның екінші рет орналастырған «өкілдік арнасында» бақ өкілдеріне сұқбат берді. Ол - мемлекетік XIV Халық Құрылтайы өкілдері арасындағы жалғыз зағип жан.

57 жастағы Ван Юнчэн Фуцзяньның Саньминінен келген. Ол 18 жасында оқыс оқиғаның салдарынан көру қабілетінен айырылған. Осыдан кейін ол көптеген қиындықты жеңіп, соқырларға арналған медициналық массаждың бас дәрігері болды.

Ол мүгедектерге қызмет көрсетумен айналысты және оңалту, білім беру, кәсіптік оқыту, жұмыспен қамту және мүгедектерге экономикалық көмек көрсету сияқты іс-шараларды жалғастырды. Ол 6000-нан астам зағип жанды оқыту арқылы кедейлікпен күресу және өзін-өзі қамтамасыз ету жолына түсуге көмектесті.

2023 жылы ол көру қабілеті төмен студенттерге арналған үлкен баспа оқулығын шығару туралы ұсыныс жасады. Бұл ұсыныс қабылданып, заңға енгізілді.

Ван Юнчэн: «Өткен жылы тиісті департаменттер Фучжоуға арнайы адамдар жіберіп, өкілдің ұсынысына жауабының брайль шрифтімен жазылған нұсқасын қолыма табыс етті. Биылғы екі сессияда жиналыс құжаттарының брайль шрифтімен жазылған нұсқасын да мен үшін арнайы дайындады...Осының бәрі мені қатты әсерлендірді», - дейді.

Бұл мемлекетік Халық Құрылтайында үкіметтің жұмысы туралы есебінің брайль шрифтімен жазылған нұсқасының бірінші рет дайындалуы.

«Мен бұдан еліміздің және қоғамның мүгедектер топтарына деген қамқорлығын сезіндім. Осылайша мүгедектер топтары әлеуметтік өмірге біркелкі араласып, қатыса алады және әлеуметтік даму нәтижелерімен бөлісе алатындай етті», - дейді ол тебіреніп.

«Биыл мен қарттарға күтім жасау жүйесінің құрылысын жақсарту, мүгедек қарттардың ерекше қажеттіліктеріне назар аудару және Тайвань бұғазының екі жағындағы мүгедектердің кәсібін біріктіру мен дамытуға жәрдемдесу бойынша екі ұсыныс дайындадым. Мен мүгедектер жұмысының дамуына жақсы ықпал ету үшін өз үлесімді қосқым келеді», - деді Ван Юнчэн.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото