Бейжіңде адам пішінді роботтар байқауы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 14 наурыз
Бейжіңде адам пішінді роботтар байқауы өтті

14 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 13-14 наурыз аралығында Бейжіңде адам пішінді роботтар байқауы өтті. Қытайдағы адам пішінді робототехника саласындағы өкілді компаниялар, сарапшылар, ғалымдар және ғылыми-зерттеу топтары көрмеге озық технологиялық нәтижелер мен көрнекті жетістіктерін әкелді.

Адам пішінді роботтар байқауының мазмұны адам пішінді роботтардың негізгі қоры, негізгі өнімдері, қоғамдық қолдауы және типтік қолданбалары сынды төрт негізгі бөлімнен құралған. Бұл күндері бүкіл денені динамикалық басқару алгоритмдеріне, тактильді сенсорларға, роботты және епті қолдарға, адам пішінді роботтарды модельдеуге арналған платформаларға, өнеркәсіптік өндіріске арналған типтік қосымшаларға және қызмет көрсету мен ойын-сауыққа арналған типтік қосымшалар сияқты 19 бағытта байқау өтті. Байқауға барлығы 116 жоба қатысты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото