Наурыз мейрамына орай арнайылап безендірілген бірнеше пойыз жолға шықты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 21 наурыз
Наурыз мейрамына орай арнайылап безендірілген бірнеше пойыз жолға шықты

Қазақстанда Елорда вокзалдарынан Наурыз мейрамына орай арнайылап безендірілген бірнеше пойыз жолға шықты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Атап айтқанда №3/4 «Астана-Алматы», №85/86 «Астана-Шымкент» және №7501/7502 «Астана-Павлодар» бағыттары бойынша этникалық стильде безендірілген пойыздар рейске шықты. Жолаушыларды ұлттық киім киген жолсеріктер қарсы алды.

Мерекелік пойыз керемет салтанатпен жолға аттанды. Жолсеріктер домбыра тартып, ән шырқады. Ұлттық киімдегі теміржолшылар жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлайтын Қазақтың ұлттық тағамдары «наурыз көже» мен бауырсақ ұсынды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото