Хуанмаохай теңіз арнасының Гаоланьган көпірі толық тұтасты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 21 наурыз
Хуанмаохай теңіз арнасының Гаоланьган көпірі толық тұтасты

21 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 20 наурызда Гаоланьган көпірінің негізгі арқалық бөлігінің соңғы дәнекерлеу жұмысы сәтті аяқталып, Хуанмаохай теңіз арнасы Гаоланьган көпірі толық тұтасты, оны Чжунцзяо жол құрылысы компаниясы салған.

Хуанмаохай теңіз арнасы -Гуандун-Сянган-Аомэнь Үлкен шығанағы аймағындағы тағы бір аса үлкен теңізаралық жоба. Теңіз арқылы өтетін бөлік екі негізгі көпірден тұрады, олар: Гаоланьган көпірі және Хуанмаохай көпірі. Гаоланьган көпірінің негізгі арқалығы болат пен қораптың үйлесімінен құралған, екі болат қорап арқалықтан және көлденең байланыстырушы қораптан тұрады. Болат арқалықта 96 буын бар, болат конструкциясының жалпы салмағы 38 000 тонна.

Хуанмаохай теңіз арнасының жалпы ұзындығы шамамен 31 шақырым, Чжухай қаласы мен Цзянмэнь қаласын байланыстырады. Жоба аяқталғаннан кейін Үлкен шығанақ аймағының теңіз және өзен арналары одан әрі кемелденіп, сапалы дамуға ықпал етеді. (Суреттер Синьхуа Ақпарат Агенттігінен алынды)

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото