Шыңжаңның теріге сызылған кескіндемесі Францияның өнер жәрменкесінде күміс медаль жеңіп алды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 8 сәуір
Шыңжаңның теріге сызылған кескіндемесі Францияның өнер жәрменкесінде күміс медаль жеңіп алды

8 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 5 сәуірде Париждегі Лувр мұражайында өткен 2024 жылғы француздық «ART SHOPPING» Халықаралық Заманауи өнер жәрмеңкесінде Қытайдың Шыңжаңынан келген «Шығыс шуағы» атты теріге сызылған кескіндеме «Кескіндеме жасампаздығы» номинациясында күміс жүлдені жеңіп алды.

Кескіндемені салған Шыңжаңдағы тері кескіндемесінің негізін қалаған - Арзыгүл Ғұпұр. Кескіндемеде аса сергек ақбоз жылқы бейнеленген. Бет бұлшық еттері айқын, толқыған жылы ұшпалы айдаһар пішінін елестетеді. «Биыл дәстүрлі күнтізбе бойынша Айдаһар жылы. Кескіндемеде айдаһар бейнесі де қолданылады. Шығарма «Шығыс шуағы» деп аталады, Бұл сапар жолында шығысты күзету мағынасын білдіреді»,- деді кескіндемеші.

2024 Франция «ART SHOPPING» Халықаралық Заманауи өнер жәрмеңкесінде әлемнің 150-ден астам жетекші галерея мекемелері мен Франция, Қытай, Германия және Америка Құрама Штаттарынан келген 2000 суретшінің жұмыстары қойылды. Сондай-ақ жәрмеңкеге бүкіл әлем бойынша 15 000-нан астам үздік өнер коллекционерлері мен сатып алушылар қатысты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото