Синкай көліндегі мұзды жарып ашылған гүл

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 8 сәуір
Синкай көліндегі мұзды жарып ашылған гүл

8 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Синкай көлінің Байлиху ганында қар мен мұзды жарып өтіп, сары түсті кішкене қауашағын ашып, күн шуағы астында айналасына күлімсірей қараған сары гүлдер көктемнің келгенін хабарлап тұрғандай.

Бингбинг гүлі сарғалдақ тұқымдасына жататын көпжылдық орман арасында өсетін өсімдік. Гүлдің сабағы қысқа, қауашағы кішкентай. Ол 50-ден 510 метрге дейінгі биіктікте орман беткейлерінде және аласа сирек ормандарда өседі. Көктемнің ызғарына төзімді гүл мұзды да жарып шығады. Сондықтан оның «солтүстік өлкеге көктем туралы хабар айтатын гүл» және «Линхай қарғалдағы» деген аты бар. Суыққа қарсы тұру және дәнегін қорғау үшін ол күн шыққанда ашылып, күн батқанда жабылады. Тек күн сәулесінде қауашағын ашады. Биылғы көктемде ауа температурасы төмен болғандықтан, гүлдер алдыңғы жылдарға қарағанда шамамен 10 күн кешігіп гүлдеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото