Елімізде кемпинг экономикасы қарқынды дамып келеді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 8 сәуір
Елімізде кемпинг экономикасы қарқынды дамып келеді

8 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Көктемнің келуімен еліміздің кемпинг экономикасы әлі де қарқынды дамып келеді. Әр түрлі туристердің түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әртүрлі жаңа жабдықтар пайда болды. Кемпинг жабдықтарын ыңғайлы жалға беруден бастап, тез жиналатын шатырларға дейін кемпингтер нарығында тұтынушылық форматтар мен жабдықтарды жаңарту үрдісі айқындалды.

Қытайдың интернет-сату платформасының деректері наурыз айынан бастап кемпинг шатырларының айналымы дәйекті түрде 240%-ға, душ шатырларының айналымы дәйекті түрде 150%-ға, ал барлық жағдайға қолайлы автоматты шатырлардың айналымы дәйекті түрде 700%-ға өскенін көрсетеді.

Чжэцзян - елдегі шатырларды өндірудің негізгі базасы. Чжэцзянның Иу қаласындағы сыртқы өнімдер бизнесінің жауапты тұлғасы журналистерге: «біздің өндірістік тапсырыстарымыз 20%-дан астамға өсті, ал жұмысшыларымыз 30-дан 70 адамға дейін көбейді, бірақ қарбалас кезде адам күші әлі де жетіспейді»-,деді.

Өнімділігі жоғары, оғаш пішіндері бар шатырлар бастапқы деңгейдегі көкке шығу әуесқойлары арасында танымал; технологияны толық түсінетін және әртүрлі климат пен географиялық жағдайларға бейімделетін шатырлар озық көкке шығу ойыншыларының таңдауы саналады.

Жауапты тұлға бүгінгі кемпинг әдістері бастапқы демалыс кемпингтерінен теңіз жағасындағы жағажай кемпингтеріне, тау басындағы шөл даладағы кемпингтерге және тіпті әртүрлі экстремалды жағдайларда кемпингтерге дейін дамығанын жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото