Құнды этникалық әшекей - Мяо күмісі

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 9 сәуір
Құнды этникалық әшекей - Мяо күмісі

9 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайда ежелден бері күміс зергерлік бұйымдарды қолдану дәстүрі бар. Гуйчжоуда талғампаз пішіндері мен әртүрлі стильдері бар күміс зергерлік бұйымдар Мяо әйелдері үшін маңызды әшекей саналады.

Гуйчжоу өлкесінің Цяньдуннан Мяо және Дун автономиялық облысы Хуанпин ауданы өтінім берген Мяо күміс зергерлік бұйымдарын жасау дағдылары ұлттық материалдық емес мәдени мұраның өкілдік жобаларының тізіміне енгізілді. Қазіргі уақытта ауданда 42 мұрагер бар. Аудандағы күміс зергерлік бұйымдардың жылдық сатылымы 10 тоннадан астамға жетеді, жылдық сатудан түскен табыс 6,5 миллион юань.

Жергілікті зергерлер әлі күнге дейін қолдан жасалған бұйымдар жасау дәстүрін сақтап келеді. Күмісті балқыту, соғу, созу, күйдіру, ою, тегістеу, жылтырату және басқа процестер арқылы олар стильге бай және талғампаз күміс зергерлік бұйымдарды жасап шығады. Жергілікті халық оны жаңа жылдық мереке немесе үйлену тойы сияқты ауқымды іс-шаралар кезінде тағып, сән-салтанатқа бөленеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото