Ганьсудың Дуньхуанында керқұландарды табиғатқа жіберді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 16 сәуір
Ганьсудың Дуньхуанында керқұландарды табиғатқа жіберді

16 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың қазан айынан бастап Ганьсудағы Дуньхуан Батыс көлінің табиғи қорығы керқұландарды бірнеше топқа бөліп табиғатқа қоя берді. Бұл керқұландардың жабайы топтарын қалпына келтіруге тиімді ықпал етеді.

Соңғы жылдары Ганьсу құрып кету қаупі төнген жануарларды қорғау орталығы керқұландардың өмір сүру әдеті, бейімделгіштігі, үйірлерінің көбейуі және көбею заңдылықтары туралы көптеген зерттеулер жүргізді. Жартылай жабайы өсіру және жабайы қолға үйрету арқылы керқұландардың табиғи ортада бейімделу және тіршілік ету қабілетін тиімді түрде жақсарта алды. Сол арқылы жабайы аңның ерекшеліктерін біртіндеп қалпына келтіріп, жойылып кету қаупі төнген керқұландарды құтқарып, қорғай алды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото