Жасанды интеллект жобалаған зергерлік бұйымдар

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 16 сәуір
Жасанды интеллект жобалаған зергерлік бұйымдар

16 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың 4-інші Халықаралық Тұтыну тауарлары көрмесінде GAONAS зергерлік бренді технология мен сұлулықты біріктірген тамаша бұйымдарды ұсынды. Бренд жасанды интеллект технологиясын пайдаланып, көбелек пішінді зергерлік бұйымның жаңа дизайн тұжырымдамасын жобалап шыққан.

Зергерлік бұйымдар мен жасанды интеллекттің тамаша үйлесімі болып табылатын бұл тұтынушылық көрме көрермендерге жаңа және бірегей әсер сыйлады. Сонымен қатар зергерлік бұйымдарды жобалаудағы технологияның шексіз мүмкіндіктерін көрсетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото