Қытайдың жақсы заты Нинся алақаты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 30 сәуір
Қытайдың жақсы заты Нинся алақаты

30 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Алақат - емге қолданудың ұзақ тарихы бар дәстүрлі Қытай емшілігінің шөп дәрісі. Оның қартаюға қарсы, анемияны жақсартатын және жанарды нұрландыратын рөлдері бар. Қытайдың Нинся регионынан келген бұл кішкентай қызыл жеміс өзінің бай тағамдық құндылығына байланысты бүкіл әлемге тарады және шетелдік денсаулық сақтау мамандары үшін міндетті түрде дайындайтын «жемектігіне» айналды.

2012 жылдың өзінде-ақ америкалық БАҚ арнаулы мақала жазып алақатты таныстырған болатын. Онда алақаттың метаболизмді тездететін С дәрумені мен Е дәруменіне бай екендігі айтылады. Шетелдіктер алақатты айран, сұлы, мұз, нан өнімдері қатарлы тағамдарға араластырып тұтынады. Бұл ғана емес, сонымен қатар олар алақат тері күтімі өнімдерінің сериясын әзірледі. Алақат бет кремінен, алақат көз кремінен, алақат дене лосьонынан бастап, алақат маскасына, алақат иіс суларына дейін бар.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото