- Барлық ақпарат
5287,71 метр! Қытайда ең биіктіктегі жасанды жолмен ауа райына ықпал жасайтын бақылау платформасы салынды
14 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Елімізде қазіргі уақытта ең биік жасанды жолмен ауа райына ықпал жасайтын бақылау платформасы - орта Куньлунь тауының басындағы жасанды жолмен ауарайына, бұлт пен су байлығына ықпал ететін кешенді бақылау платформасы салынды. Кешен 13 қыркүйекте тексеріліп, қабылдау аяқталған соң, ресми түрде пайдалануға берілді.
Жоба 2024 жылдың 30 тамызында Куньлунь тауындағы солтүстік Хэйшэ көлінің маңындағы теңіз деңгейінен 5 287,71 метр биіктікте аяқталған еді. Аталмыш құрылыс елімізде биіктіктен бұлт пен су ресурстарын бақылау бойынша жаңа рекорд орнатты.
Бұл платформа көп элементті жердегі метеорологиялық бақылауды, дрондардың биіктіктегі барлауын, аэрозольді лидар анықтауын, бұлтты мұзды судың динамикалық мониторингі және т.б. озық жүйелерді біріктіреді. Кешен аспан мен жердің біртұтас барлау-бақылау желісінің толық жиынтығын қалыптастырды. Сонымен бірге, бұл платформа бұлт динамикасын дәл түсіру, жасанды жаңбыр (қар) операцияларын оңтайландыру және климаттың өзгеру әсерін бағалау үшін маңызды ғылыми-зерттеу құндылығы мен практикалық қолдану әлеуетіне ие.
people.cn © People's Daily Online