Мультимодальды география ғылымының әлемдегі алғашқы ірі моделі жасалды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 20 қыркүйек
Мультимодальды география ғылымының әлемдегі алғашқы ірі моделі жасалды

20 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Еліміз әзірлеген әлемдегі алғашқы «Куньюань» мультимодальды географиялық ғылыми моделі 19 қыркүйекте Бейжіңде жарияланды. «Куньюань» географиялық кәсіби сұрақтарға жауап беру, географиялық құжаттарды интеллектуалды талдау, географиялық деректер ресурстарына сұрау салу, географиялық деректерді қазбалау және талдау, тақырыптық карта сызу сияқты функцияларды жүзеге асыра алады. Бұл географиялық ғылыми зерттеулерді жүргізуге және ірі географиялық ғылыми жаңалықтарды байқау қадамын жеделдетуге мүмкіндік береді деп күтіліп отыр.

Ақпаратқа сәйкес, ҒЗТКЖ тобы 4 ірі санат пен 16 ішкі санатты қамтитын география пәндерінің корпусын құрып, ірі модельді жаттықтыру үшін 32 миллиард сөз ұсынған және модельді дәл баптау үшін 40 000-нан астам жоғары сапалы география нұсқауларын жасаған. Жалпы тілдік модельмен салыстырғанда «Куньюань» тілдік заңдылықтармен, кәсіби терминдермен және географияның домендік білімімен көбірек таныс.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото