Ішкі Моңғолда Хуншань мәдениетінің ең үлкен нефрит айдаһары табылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 23 қыркүйек
Ішкі Моңғолда Хуншань мәдениетінің ең үлкен нефрит айдаһары табылды

23 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Ішкі Моңғол автономиялық регионының Мәдени жәдігерлер және археология институты 22 қыркүйекте Чифэн қаласының Аохан уезі, Сява қалашығындағы Юаньбаошань тас қорғанының археологиялық жетістіктерін жариялады. Қытай археологтары Неолит дәуіріндегі Хуншань мәдениетінің ең үлкен нефрит айдаһарын тапты.

Мәдени жәдігердің ұзындығы 15,8 см, ені 9,5 см, қалыңдығы 3 см. Қазылған жердің солтүстік жағында дөңгелек қабір және оңтүстік жағында төртбұрышты тасаттық үстелі бар.

Қазба орнында сәулет қалдықтарынан басқа адам сүйектерінің сынықтары, қабірлер, пештер мен цилиндрлік заттардың шұңқырлары да табылды. Табылған артефактілерде нефрит және боялған қыш ыдыстар, сондай-ақ керамикалық үш аяқты тостағандар бар.

Соңғы сараптау деректеріне сәйкес, бұл қазба 5000-5100 жыл бұрынғы «соңғы Хуншань мәдениетіне» тиесілі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото