Қытай ғарыш станциясынан ғарыштық ғылыми эксперимент үлгілерінің жетінші партиясы сәтті қайтарылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 5 қараша
Қытай ғарыш станциясынан ғарыштық ғылыми эксперимент үлгілерінің жетінші партиясы сәтті қайтарылды

5 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 4 қарашада Қытайдың ғарыш станциясынан алынған ғарыштық ғылыми эксперимент үлгілерінің жетінші партиясы «Шэньчжоу-18» басқарылатын ғарыш кемесі қайтарылған модульмен сәтті әкелінді.

Ақпаратқа сәйкес, бұл жолы жалпы салмағы шамамен 34,6 кг болатын ғарыштағы тіршілік туралы ғылым, ғарыштық материалтану, микрогравитациялық жану ғылымы және басқа салаларды қамтитын барлығы 55 түрлі ғылыми эксперимент үлгісі жиналды. Олардың ішінде тіршілік сипатындағы эксперименттік үлгілер 4 қараша таңертең Бейжіңге жеткізіліп, ғалымдарға табыс етілді. Болашақта материал мен жанудың эксперименттік үлгілері Бейжіңге «Шэньчжоу-18» басқарылатын ғарыш аппараттарын қайтару модулімен бірге жеткізіледі.

Синьхуа Ақпарат Агенттігінің суреті

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото