- Барлық ақпарат
«Жаңа сапалы өндіргіш күш» 7-інші импорт көрмесінде Қытай павильонының маңызды мазмұнына айналды
7 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- «Тянгун» гуманоидты роботы, C929 және C919 модельдері, маглев пойыздары... 7-інші Қытай халықаралық импорт көрмесінің ұлттық көрме аймағында көрермендер болашақ желілер, терең теңіз кеңістігін дамыту және жасанды интеллект саласындағы соңғы жетістіктерді өз көзімен көрді.
Биылғы импорт көрмесінің Қытай павильоны әр ел үшін олардың жан-жақты имиджін көрсету және сауда мен инвестиция саласындағы мүмкіндіктерді кеңейту үшін маңызды алаң болды. «Қытай үлгісіндегі модернизацияны ілгерілету және әлемдік ортақ даму мен өркендеуді бірге іздеу» тақырыбымен Қытай павильоны Қытай үлгісіндегі модернизацияны ілгерілетудегі және сыртқы әлемге жоғары деңгейдегі ашылуды ілгерілетудегі соңғы жетістіктерге назар аударып, Қытайдың жаңа сапалы өндіргіш күшті қарқынды жетілдіру мен дамытудағы жаңа тенденциясын көрсетті.
people.cn © People's Daily Online