Жақында CHINA HUANENG Сицзанда күн электр энергиясын сақтау-өндірудің үш жобасын аяқтап, пайдалануға берді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 8 сәуір
Жақында CHINA HUANENG Сицзанда күн электр энергиясын сақтау-өндірудің үш жобасын аяқтап, пайдалануға берді

8 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- CHINA HUANENG-ның Хорба ауылындағы 30 мВт күн электр энергиясын сақтау-өндіру жобасы және CHINA HUANENG Чабала ауылындағы 50 мВт күн электр энергиясын сақтау-өндіру жобасы 4 сәуірде желіге толық қуатпен қосылып, электр энергиясын өндіруге қол жеткізді. Сонымен қатар 29 наурызда желіге қосылған Сицзандағы ең үлкен күн электр энергиясын сақтау-өндіру жобасы – CHINA HUANENG Цзява күн электр энергиясын сақтау-өндіру станциясының бірінші кезеңдік құрылысын қоса алғанда, Сицзанда жақында үш күн электр энергиясын сақтау-өндіру жобасы аяқталып, іске қосылды.

Үш күн электр энергиясын сақтау-өндіру жобасының барлығын CHINA HUANENG-ның Яцзян ауданындағы компания инвестициялап, салған. Электр энергиясын өндірудің орташа жылдық қуаты 500 миллион киловатт-сағаттан асады деп күтіліп отыр, ал жыл сайын шығарылатын жасыл электр энергиясы 147 500 тонна стандартты көмірді үнемдеуге және көмірқышқыл газын шамамен 383 200 тоннаға азайтуға барабар келеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото