Қытайдың 27-інші Бейжің Халықаралық ғылыми-техника индустриясы көрмесі ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 9 мамыр
Қытайдың 27-інші Бейжің Халықаралық ғылыми-техника индустриясы көрмесі ашылды

9 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 8-11 мамыр аралығында 27-інші Қытай Бейжің Халықаралық ғылым және технологиялар индустриясы көрмесі «Ғылым мен техниканы жетекші етіп, болашақты құру және бөлісу» тақырыбымен Ұлттық конгресс көрме орталығында өтіп жатыр. Биылғы Бейжіңдегі ғылым және технологиялар көрмесінде ақпараттық технологиялар, интеллектуалды өндіріс, медицина және денсаулық сақтау, «жасыл» қос көміртекті экономика, цифрлық экономика және аймақтық инновациялар саласындағы алты арнайы көрме бағыты ұйымдастырылды. Көрменің жалпы ауданы шамамен 50 000 шаршы метр, көрмеге 800-ден астам қытайлық және шетелдік компания мен мекеме қатысты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото