- Барлық ақпарат
Чунцин-Куньмин жүрдек теміржолының ең ұзын Ильян туннелінің шығу бөлігі сәтті аяқталды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 9 мамыр
9 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 8 мамырда Чунцин-Куньмин жүрдек теміржолының ең ұзын туннелі - Ильян туннелінің шығатын бөлігі сәтті аяқталып, бүкіл желінің аяқталуы мен ашылуына берік негіз қаланды. Туннель Юньнань өлкесінің Чжаотун қаласында орналасқан, жалпы ұзындығы 24,8 шақырым. Чунцин-Куньмин жүрдек теміржол желісінің жалпы ұзындығы шамамен 700 шақырым, ал жылдамдығы сағатына 350 шақырым. Ол көлік қозғалысына берілгеннен кейін Чунциннен Юньнаньның Куньминіне дейінгі теміржолдың жүру уақытын едәуір қысқартып, жол бойындағы халықтың жүріп-тұруы қолайлы болады.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online