- Барлық ақпарат
Қазақстандағы Қытай туризм жылы ашылды
17 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 16 маусым күні Қазақстанның Ұлттық музейінде Қазақстандағы Қытай туризм жылының ашылу салтанаты өтті. Шараға Қытай мен Қазақстаннан 300-ге жуық қонақ қатысты.
Ашылу салтанатына Қытайдың Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели мен Қазақстанның Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысып, сөз сөйледі.
Қазақстандағы Қытай туризм жылының басты шарасы ретінде сол күні Қазақстанның Ұлттық музейінде «Жібек және Жібек Жолы: Қытайдан Қазақстанға дейін» атты көрме ашылды. Көрме «Жібектің қайнар көзі», «Жібек Жолы» және «Жібекті пайдалану» атты үш бөлімнен құралған. Көрме Жібек Жолы мәдениетінің тарихи мұрасы мен заманауи дамуын, сондай-ақ Қытай мен Жібек Жолы бойындағы елдер арасындағы достық алмасу мен мәдениеттер тоғысуын көрсетуге бағытталған, ол 8 тамызға дейін жалғасады.
Ашылу салтанатында өнер қойылымдары, ханьфу сән көрсетілімдері, материалдық емес мәдени мұра бұйымдарын жасап көру шарасы өтті. Сонымен қатар, Қытайдың Жібек мұражайы мен Қазақстанның Ұлттық музейі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
people.cn © People's Daily Online