- Барлық ақпарат
Xiaomi автозауыты 76 секундта бір көлік құрастырады (4)
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 19 маусым
19 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Xiaomi автомобиль зауыты Бейжіңнің экономикалық және технологиялық даму аймағында орналасқан. Зауыт 700 000 шаршы метрден астам аумақты алып жатыр. Бұл 100 футбол алаңы көлеміне пара-пар алпауыт зауытта әр 76 секунд сайын бір жаңа энергетикалық көлік құрастырылады. Мәліметтерге сәйкес, Xiaomi соңғы бес жылда зерттеулер мен әзірлемелерге 100 миллиард юаньнан астам инвестиция салған және негізгі мүмкіндіктерін тиімді қолдануы арқасында үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Компания алдағы бес жылда жаһандық технологиялардың жаңа буынын шыңына жалғасты ұмтылу үшін тағы 200 миллиард юань инвестициялауды жоспарлап отыр.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online