Хэнань «гуманоидты робот» индустриясын дамытып келеді (3)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 20 маусым
Хэнань «гуманоидты робот» индустриясын дамытып келеді

20 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Хэнань Ғылым академиясында орналасқан Zhongyu Embodied AI зертханасында түрлі формадағы роботтар әр түрлі көріністе өз шеберліктерін көрсетті. Олар икемділікпен шай демдеп, су құяды, жүрістері табиғи, допты да ойната біледі…

2024 жылдың 30 тамызында «Хэнань өлкесінде интеллектуалды индустрияны дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары (2024-2027)» жарияланған болатын. Сонымен қатар, бұл өлке гуманоидты роботтарды «7+28+N» өнеркәсіптік тізбек тобына біріктіріп, арнайы жұмыс тобын құрды. Ғылым академиясы 2027 жылға қарай өнеркәсіптік жүйені біртіндеп қалыптастыруды, ғылыми-зерттеу институттары мен кәсіпорындар тобын дамытуды; 2030 жылға қарай маңызды отандық интеллектуалды инновациялардың алдыңғы қатарында болуды мақсат етеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото