Шетелдік және отандық 200-ге жуық тілші Қытай халқының Жапонға қарсы соғысының мемориалдық залына зиярат етті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 28 тамыз
Шетелдік және отандық 200-ге жуық тілші Қытай халқының Жапонға қарсы соғысының мемориалдық залына зиярат етті

28 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 27 тамызда түстен кейін 200-ге жуық Қытай және шетел тілшілері Қытай халқының Жапонға қарсы соғысының мемориалдық залына, Ванпин қаласына, Лугу көпіріне және басқа жерлерге баспасөз турымен барды.

Тілшілерге арналған бұл іс-шараның тақырыбы - «Қытай халқының жапонға қарсы соғысы мен Дүниежүзілік антифашистік соғыстағы жеңісінің 80 жылдығы». Іс-шараға қатысқан тілшілер 60-тан астам ел мен аймақтың 130-дан астам БАҚ өкілі.

Тақырыптық көрмеге 1 525 фотосурет және 3 237 мәдени жәдігер қойылған. Онда ел тағдыры, ұлттың өркендеуі, адамзаттың әділдігі үшін күрескен Қытай халқының айбынды келбеті панорамалық түрде көрсетілген.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото