Алтыншы халықаралық тұтыну тауарлары көрмесіне 3400-ден астам бренд қатысып, 200-ден астам жаңа өнім тұңғыш рет таныстырылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 13 сәуір
Алтыншы халықаралық тұтыну тауарлары көрмесіне 3400-ден астам бренд қатысып, 200-ден астам жаңа өнім тұңғыш рет таныстырылды

13 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 13-18 сәуір аралығында Хайнаньда Алтыншы халықаралық тұтыну тауарлары көрмесі өтеді. Биылғы көрменің тақырыбы – «Ашықтық жаһандық тұтынуға, инновация жақсы өмірге жетелейді». Көрме бір бас павильон және екі қосымша көрме алаңында ұйымдастырылады. Жалпы көрме ауданы 143 мың шаршы метрді құрайды. Көрме «Жаңа, ерекше, озық, керемет» тұтыну тауарлары тақырыбын негізге алып, технологиялық тұтыну, сән ағымы, салауатты тұтыну, жаһандық ерекше тұтыну, бажсыз сауда және жоғары сапалы тауарлар, отандық тауарлар мен ұлттық брендтердің шетелге шығуы секілді жеті ірі көрме аймағына бөлінген.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото