- Барлық ақпарат
Көктемгі серуен және шай туризмінің мәдени іс-шарасы
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 13 сәуір
13 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 12 сәуірде Гуанси Чжуан автономиялық регионының Лючжоу қаласына қарасты Жуншуй Мяо автономиялық ауданында Гуандун-Гуанси ынтымақтастығы аясында көктемгі серуен мен шай туризмінің мәдени іс-шарасы өтті. Шай сатушылар мен туристер Мяо ауылына жиналып, көктемнің көркін тамашалап, маусым шайынан дәм татып, саланың дамуы жайында пікір алмасты.
Соңғы жылдары Гуанси Чжуан автономиялық регионының Жуншуй Мяо автономиялық ауданы өзінің ерекше шай ресурстарын толық пайдалануда. Гуандун-Гуанси ынтымақтастығының көмек қорының негізінде заманауи ерекше ауыл шаруашылығының кешенді көрме алаңын салды. Сондай-ақ шай мәдениеті мен туризмін біріктірген саланы дамытып, ауылдық жаңғыруға үлес қосты.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online




